Accessibility links

Вице-министр: Бет-әлпетті түгелдей жабатын киімге тыйым салынуы мүмкін


Сот дәлізінде бет-жүзін бүркеп отырған әйелдер (Көрнекі сурет).

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Қазақстанда адамның бет-әлпетін түгелдей жасыратын киім киюге тыйым салу ұсынылып жатқанын мәлімдеді. Астанада өткен брифингте Нүкенов мемлекеттің дін саласындағы дайындап жатқан саясаты, оның аясында түзілетін заң жобасы туралы айтты.

"Әңгіме адамның бет-жүзін көрсетпейтін киім киюге тыйым туралы болып жатыр. Әзірге басқа әңгіме жоқ. Бұл мәселе әзірге шешілген жоқ" деді Абзал Нүкенов.

Вице-министрдің сөзінше, тыйым салу мерзімі заң жобасын мемлекеттік органдардың мақұлдау процесіне байланысты болмақ.

"Жоба парламентте талқылануы тиіс. Түпкілікті шешімді президент қабылдайды" деді Нүкенов.

Биыл сәуірде Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жетекшілерімен кездесуде елде сақал қою мен балағы қысқа шалбар киюге заңмен тыйым салуға шақырған. "Жастарымыз білімсіздіктен сақал жіберіп, шалбарының балағын қысқартып жатыр. Қара киіммен қымтанып, бетін бүркеп алатын қазақстандық қыздар көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да сай келмейді. Бұған заң жүзінде тыйым салу мәселесін ойластыру керек" деген Назарбаев. Оның сөзінше, қара киіну мен діннің ешқандай байланысы жоқ.

Кейін дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның жүзін жауып, кім екенін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заң жобасы дайындалып жатқанын айтқан. Министр бет-әлпетті түгелдей жабатын қара түсті киімге тыйымның орамал мен хиджабқа қатысы болмайтынын айтқан.

Министр пояснил, что возможный запрет на полностью закрытые черные одеяния не распространяется на платки и хиджабы.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG