Accessibility links

Сот "өзін-өзі өлтірген" Жампозовты айыпты деп таныды


Өмірбек Жампозов, "КазСуШар" кәсіпорнының бұрынғы басшысы.
Өмірбек Жампозов, "КазСуШар" кәсіпорнының бұрынғы басшысы.

Ақмола облысының Целиноград аудандық сотында Преображенское су торабын жөндеу жұмыстарына бөлінген 640 миллион теңгені жымқыру ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты. Бұл іс бойынша сотқа тартылғандардың бірі Өмірбек Жампозов 20 шілдеде Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратына шабуыл жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлерін жарақаттаған. Кейін ол өз-өзін атып өлтірген.

Азаттық тілшісінің сот залынан хабарлауынша, судья Төлеген Тұрғынбаев Өмірбек Жампозовты Қылмыстық кодекстің 1997 жылы қабылданған ескі редакциясының 176-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша кінәлі деп тану, бірақ қайтыс болуына байланысты жазадан босату туралы үкім шығарды.

Судья бұл іс бойынша өзге сотталушылар Бөрлібаевты 7 жыл 6 айға, Қазыкеев және Тайғұловты 7 жылға, Төлеуовті 5 жылға, Бейсебековті 2 жыл 6 айға бас еркінен айыру жазасын кесті. Бұл сотталушылар да 176-бап бойынша айыпты деп танылды. Үкім бойынша, Бейсебековтен өзге сотталушылардың дүние-мүліктері де тәркіленбек.

Өмірбек Жампозовтың ісіне қатысты сот үкімін тыңдауға жиналған жұрт. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, 25 тамыз 2017 жыл.
Өмірбек Жампозовтың ісіне қатысты сот үкімін тыңдауға жиналған жұрт. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, 25 тамыз 2017 жыл.

Өмірбек Жампозовтың өлімінен кейін Қазақстан бас прокуратурасы "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша іс қозғалып, қаржы жымқыру айыбы бойыyша істің қайта тергеуге жіберілгенін хабарлаған.

Біраз уақыттан соң қаржы жымқыру ісі бойынша сот жалғасып, айыптау тарабы Өмірбек Жампозовтың кінәлі болғанын мәлімдеген.

Жампозов айыпталған іс қайта тергелмек
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

XS
SM
MD
LG