Accessibility links

Ресейде автобус теңізге құлап, 16 адам қаза тапты


Керченск бұғазы арқылы салынып жатқан көпірдің Таман түбегі жағынан қарағандағы көрінісі. 4 сәуір, 2017 жыл.
Керченск бұғазы арқылы салынып жатқан көпірдің Таман түбегі жағынан қарағандағы көрінісі. 4 сәуір, 2017 жыл.

Ресей билігі Қырымның оңтүстігінде ішінде құрылысшылар отырған автобус теңізге құлап кетіп, 16 адам қаза тапқанын хабарлады.

Ресей тергеу комитеті автобус Краснодар өлкесінің Таман түбегінде құрылыс нысанында вахталық әдіспен жұмыс істеп шыққан құрылысшыларды тасымалдап келе жатқанда апат болғанын айтады. Апаттан бірнеше адам ауыр жараланып, ауруханаға түскен. Қайғылы оқиға себептері анықталып жатыр.

"Интерфакс" агенттігінің Краснодар өлкелік төтенше жағдайлар басқармасындағы өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, апаттан 16 адам қаза тауып, 24 адам құтқарылған, оның ішінде сегізі ауруханаға түскен.

Ресми мәлімет бойынша, автобус Таман түбегіндегі Волна елді мекенінде "Таманьнефтегаз" компаниясына арнап пирс (кеме тоқтайтын нысан) салып жатқан фирманың меншігі болған.

Ресей Таман түбегін Керченск бұғазы арқылы Мәскеу Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегімен жалғайтын көпір салып жатыр.

XS
SM
MD
LG