Accessibility links

Қырғызстан парламенті жаңа үкіметті бекітті


Қырғызстан парламентіндегі жаңа үкімет құрамын бекіту сәті. Бішкек, 25 тамыз 2017 жыл
Қырғызстан парламентіндегі жаңа үкімет құрамын бекіту сәті. Бішкек, 25 тамыз 2017 жыл

25 тамызда Қырғызстан парламенті (қырғызша - Жогорку Кеңеш) кезектен тыс сессияға жиналып, үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Жаңа үкіметке қандай министрлер кіретіні туралы мәселе бір күн бұрын билік басындағы Социал-демократиялық партияның (КСДП) парламенттегі фракциясында талқыланып, комитетте мақұлданған.

Үкіметтің жаңа құрамын 102 депутаттың 97-сі мақұлдап, бесеуі жаратпады. Дауыс беру процесі ашық түрде электрондық форматта өтті.

40 жастағы премьер-министр Сапар Исаков басқаратын жаңа үкіметтің "Жаңа дәуірге 40 қадам" деген бағдарламасы "Ұлттық экономика бақуаттылығы", "Халықтың әлеуметтік бақуаттылығы" және "Қауіпсіздік" деген үш негізгі бағытқа назар аудармақ.

Бұған дейінгі премьер-министр Сауранбай Жиенбеков (Сооронбай Жээнбеков) КСДП партиясынан президент сайлауына кандидат болып таңдалғанына байланысты оның үкіметі отставкаға кеткен. Сапар Исаков бұған дейін президент аппаратын басқарып келген еді.

Жаңа үкімет құрамында сегіз министр ауысты.

XS
SM
MD
LG