Accessibility links

Лондонда белгісіз біреу полицияға пышақпен шабуылдаған


Лондон көпірінде шабуыл болған жерде жүрген британ полицейлері. 4 маусым 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Лондон көпірінде шабуыл болған жерде жүрген британ полицейлері. 4 маусым 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Лондондағы Букингем сарайының маңында жұма күні белгісіз біреу полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Британ полициясының хабарлауынша, күдікті өзін ұстамақшы болған билік өкілдеріне пышақпен тап берген. Оқиға салдарынан екі полиция офицері жеңіл жарақат алған. Пышақпен қаруланған күдікті ұсталған.

Ұлыбритания астанасында биыл жазда көпшілік орындарда бірнеше шабуыл жасалып, бейбіт адамдар қаза болған еді. 19 маусымға қараған түні Лондондағы мешіт қасында фургон жаяу жүргіншілерді қағып, бір адам өліп, 10 адам жараланған. Оқиға орнынан қашып кетпек болған күдіктіні жергілікті тұрғындар ұстап, полицияға тапсырған. Билік оқиғаны теракт деп атаған. 3 маусымда Лондон көпірінде қатты жылдамдықпен келген фургон жаяу адамдарды басып өткен. Көліктен түскен үш адам көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдаған. Полиция ол үшеуін оқиға орнында атып өлтірген. Терактіден жеті адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG