Accessibility links

Брюссельдегі шабуылды полиция "теракт" деп сипаттады


Брюссельдің орталық вокзалында жүрген полиция қызметкерлері. 21 маусым 2017 жыл.
Брюссельдің орталық вокзалында жүрген полиция қызметкерлері. 21 маусым 2017 жыл.

Брюссельдің орталығында жұма күні екі сарбазға қарсы жасалған шабуыл оқиғасын полиция теракт деп бағалап отыр. Бельгия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тегі сомалилік 30 жастағы ер адам шабуыл кезінде "Аллаху акбар!" деп айғайлаған.

Күдікті ұстау барысында алған жарақаты салдарынан кейін қайтыс болған деп хабарлайды Reuters.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сарбаздар айтарлықтай зардап шекпеген.

Бұған дейін, маусымның 20-сы күні Брюссельдің орталық вокзалында теракт жасамақ болған деген күдіктіні полиция атып өлтірген. Биліктің хабарлауынша, Мароккодан шыққан 36 жастағы ер адам сөмкесіндегі жарылғыш құрылғыны іске қоспақ болған.

Бельгия астанасында 2015 жылы көктемде болған терактіден қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне байланысты Брюссель көшелерін полициямен бірге әскерилер де күзетеді. 2015 жылғы 22 наурызда Брюссель әуежайында жасалған террорлық жарылыстар салдарынан 32 адам қаза тапқан. Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG