Accessibility links

Солтүстік Корея кезекті зымыран сынағын өткізді


Солтүстік Кореяның Hwasong-14 құрлықаралық баллистикалық зымыраны сынағы. 4 шілде 2017 жыл.
Солтүстік Кореяның Hwasong-14 құрлықаралық баллистикалық зымыраны сынағы. 4 шілде 2017 жыл.

Солтүстік Корея кезекті рет баллистикалық зымыран сынағын өткізді деп хабарлады сенбі күні Оңтүстік Кореяның штаб басшыларының біріккен комитетіне сілтеме жасап Yonhap ақпарат агенттігі. Әскерилер мәліметі бойынша, Пхеньян ұшырған үш зымыран шамамен 250 километр қашықтыққа жетіп, Жапон теңізіне құлаған.

АҚШ әскери басшылығы Солтүстік Корея бұл жолы жақын қашықтыққа арналған үш зымыран ұшырғаны туралы хабарлады. Америкалықтардың дерегі бойынша, екі зымыран сынағы сәтсіздікке ұшырап, бір зымыран әуеге көтерілген соң жарылып кеткен. Тынық мұхиттағы АҚШ әскери басшылығының Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде аталған зымырандардың АҚШ-қа қауіп төндірмейтіні туралы айтылған.

Бұған дейін Солтүстік Корея БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қарарына мойынсұнбай, ядролық оқтұмсық жасағаны туралы мәлімдеген соң оның зымыран бағдарламасына қатысты кикілжің ушыққан еді. Пхеньян өз зымырандары Тынық мұхитындағы АҚШ-тың Гуам әскери базасына жете алады деп мәлімдеген. АҚШ президенті Дональд Трамп Пхеньянға егер доқ көрсетуін тоқтатпаса "отты қаһармен" жауап беретінін ескерткен.

Тамыздың 5-і үні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның зымыран сынағанына жауап ретінде Солтүстік Кореяға салынған санкцияны күшейткен.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини Еуроодақ Азия мен бүкіл әлем қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұрған дағдарысты шешу үшін Солтүстік Кореяның халықаралық қауымдастықпен диалог орнатуына көмек көрсетуге әзір екендігі туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG