Accessibility links

Үндістанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 30 адам өлген


Панчкула қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер. Үндістан, 25 тамыз 2017 жыл.
Панчкула қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер. Үндістан, 25 тамыз 2017 жыл.

Үндістанның солтүстігінде орналасқан Харьяна штатындағы Панчкула қаласында жергілікті гуру Гурмет Рам Рахимге қатысты сот шешіміне сотталушыны жақтаушылардың наразылығы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, салдарынан кемінде 30 адам қаза тауып, 200-ден астам адам зардап шеккен. Жұма күні сот Рахимді ол басқаратын Дера Саша Сауда ("Ақиқат әңгіме қоғамы") діни қауымындағы екі әйелді зорлағаны үшін айыпты деп тапқан. Қылмыс оқиғасы 2002 жылы болған.

Сот шешімін тыңдауға қала көшесіне мыңдаған адам жиналған. Шешім жария болысымен олар наразылық танытып, мемлекеттік мекемелерге тас лақтырып, көшедегі көліктерді қиратып, өртеген. Полиция наразыларға қарсы су мен жас ағызатын газ шашқан. Билікті көшедегі тәртіпті қалпына келтіру үшін полицияға қоса әскерилерді жұмылдырылған. Панчкул мен тағы бірнеше ауданда коменданттық сағат тәртібі күшіне енген.

Жергілікті шенеуніктердің сөзінше, тәртіпсіздіктерге байланысты гуруды қолдайтын мыңнан аса адам ұсталған. Көршілес Пенджаб штаты мен Нью-Дели қаласында да тәртіпсіздік оқиғалары тіркелген. Нью-Делиде үлкен жиындар өткізуге тыйым салынған.

Тұтқынға алынған гуруге қандай жаза тағайындалатыны келесі аптада жарияланбақшы.

XS
SM
MD
LG