Accessibility links

Лондондағы шабуылды терроризм жайлы заң бойынша тексеріп жатыр


Букингем сарайы маңындағы шабуыл болған жерде тұрған полиция өкілі. Лондон, 25 тамыз 2017 жыл.
Букингем сарайы маңындағы шабуыл болған жерде тұрған полиция өкілі. Лондон, 25 тамыз 2017 жыл.

Лондонда жұма күні Букингем сарайы маңында полиция қызметкерлеріне пышақпен шабуылдаған деген күдікпен ұсталған 26 жастағы ер адам терроризммен күрес туралы заңға сәйкес тұтқындалған.

Полиция қызметкерлері сарай маңында тұрған жеңіл автокөліктен үлкен пышақтың жүзін байқап, көлік жүргізушісін ұстамақшы болған кезде ол адам пышақпен полицейлерге тап беріп жеңіл жаралаған. Сонымен бірге оның өзі де жеңіл жарақал алған деп хабарлайды ВВС. Полиция оқиға болған сарай маңын қоршауға алған.

Ұлыбритания астанасында биыл жазда көпшілік орындарда бірнеше шабуыл жасалып, бейбіт адамдар қаза болған еді. Маусымның 19-ына қараған түні Лондондағы мешіт қасында фургон жаяу жүргіншілерді қағып, бір адам өліп, 10 адам жараланған. Оқиға орнынан қашып кетпек болған күдіктіні жергілікті тұрғындар ұстап, полицияға тапсырған. Билік оқиғаны теракт деп атаған. 3 маусымда Лондон көпірінде қатты жылдамдықпен келген фургон жаяу адамдарды басып өткен. Көліктен түскен үш адам көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдаған. Полиция ол үшеуін оқиға орнында атып өлтірген. Терактіден жеті адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG