Accessibility links

БАҚ: Ким Чен Ын оққағарларын ФСБ "мамандары" жаттықтырады


"Сұр бүркіт" әскери дроны. (Көрнекі сурет.)
"Сұр бүркіт" әскери дроны. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Корея билігі ел басшысы Ким Чен Ынның күзетін күшейту үшін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) отставкадағы оншақты қызметкерін "әскери кеңесші" ретінде жалдаған. Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы дерек көздеріне сілтеме жасап, Жапонияның ағылшын тілінде шығатын Asahi Shimbun басылымы хабарлады. Бұрын терроризмге қарсы күресетін арнайы бөлімшелерде қызмет атқарған ресейлік мамандарды биыл ақпанда Пхеньянға жұмысқа шақырған.

Ресейлік әскерилердің міндетіне Ким Чен Ынның оққағарларын үйретіп, жаттықтыру жатады. Мәселен, оларды дайындалып жатқан терактілерді күнібұрын анықтауға, ал егер теракт жасалған жағдайда тиімді іс-қимыл жасауға машықтандырады.

Дерек көздерінің хабарлауынша, Солтүстік Корея билігі әсіресе жаңа технологиялардың көмегімен жасалатын қастандықтардың алдын алуға ерекше ықылас танытып отыр. Мысалы, сондайлардың бірі - Gray Eagle ("Сұр бүркіт") дронымен әуеден жасалуы ықтимал соққыға қарсы тұру. Оңтүстік Кореядағы америкалық әскерилер қарудың бұл түріне 2018 жылдың басында ие болады деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG