Accessibility links

Қарағандыда Виктор Цойға ескерткіш ашылды


Музыкант Виктор Цой қазақ режиссері Рашид Нұғымановтың "Ине" фильмінде.
Музыкант Виктор Цой қазақ режиссері Рашид Нұғымановтың "Ине" фильмінде.

Қарағанды қаласында бүгін советтік рок-музыкант Виктор Цойдың ескерткіші ашылды. Ескерткішті ашу рәсіміне әншінің әкесі Роберт Цой қатысты деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" агенттігі.

Ескерткіш авторы – қарағандылық архиктектор Дмитрий Быков көпшілікке танымал музыканттың "Күн есімді Жұлдыз" ("Звезда по имени Солнце") әндер жинағының мұқабасындағы бейнесін сомдаған.

Жобаның бастамашысы және оны жүзеге асыруға демеушілік еткен - "Ер Нур & Ника"қазақ-корей достастық қоры.

Белгілі музыкант әрі "Кино" рок-тобының негізін қалаушы Виктор Цой 1990 жылғы тамыздың 15-күні автокөлік апаты салдарынан 28 жасында қаза болған.

XS
SM
MD
LG