Accessibility links

Ресейдің Иркутскісінде "Интернет еркіндігі үшін" акциясы өтті


"Интернет еркіндігі үшін" акциясына қатысушылар. Иркутск, Ресей, 26 тамыз 2017 жыл.
"Интернет еркіндігі үшін" акциясына қатысушылар. Иркутск, Ресей, 26 тамыз 2017 жыл.

Ресейдің Иркутск қаласында сенбі күні "Интернет еркіндігі үшін" акциясы өтті деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Қала орталығында өткен шараға қатысушылар көшеде кездескен тұрғындарға Ресейде 2016 жылы бес жүзден астам адам әлеуметтік желідегі посттарды қайтара жариялағаны немесе "ұнайды" деген белгі қойғаны үшін сотқа тартылғаны туралы ақпарат жеткізді.

Акцияға қатысушылар Ресей конституциясындағы "әркімнің жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің және басқа хабарларының құпиялылығын сақтауға құқығы бар" деген баптан үзінді келтірген. Олар сонымен бірге "интернетте көпшілік ортада терроризмге шақырған" деген айып тағылған 25 жастағы оқытушы Дмитрий Богатовқа қолдау білдірген.

Иркутскідегі "Интернет еркіндігі үшін" акциясын өткізуге жергілікті билік келісім берген.

XS
SM
MD
LG