Accessibility links

Қытай Солтүстік Кореямен бизнес-жобалар ашуға тыйым салды


Қытай президенті Си Цзиньпин (оң жақта) мен АҚШ штаб басшыларының бірлескен комитеті жетекшісі Джозеф Данфорд. 17 тамыз 2017 жыл.
Қытай президенті Си Цзиньпин (оң жақта) мен АҚШ штаб басшыларының бірлескен комитеті жетекшісі Джозеф Данфорд. 17 тамыз 2017 жыл.

Қытайдың сауда министерлігі Солтүстік Кореямен жаңа бизнес-жобалар ашуға тыйым салды. Мұндай шешім БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің зымыран сынағын өткізгені үшін Пхеньянға жаңадан санкция салу туралы қарарын орындау аясында қабылданған.

Қытай сауда министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде тыйым туралы шешім дереу күшіне енетіні айтылған. Бұдан былай Қытайда Солтүстік Корея азаматтарының үлесі бар кәсіпорын, фирма немесе компаниялармен жаңадан бірлескен бизнес-жобалар ашу мүмкін болмайды.

Сонымен бірге Қытай сауда министрлігінің хабарлауынша, қытай компанияларының Солтүстік Корея кәсіпорындарына инвестицияның кез-келген түрін салуына тыйым салынады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тамыз айының басында Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салу туралы қарар қабылдаған. Мұндай шешім Пхеньянның шілде айында құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағын өткізуіне жауап ретінде қабылданған. БҰҰ санкциялары Солтүстік Корея билігін ядролық жойқын қару және баллистикалық зымыран құрастыру бағдарламасынан бас тартуға мәжбүрлеу мақсатымен салынған.

XS
SM
MD
LG