Accessibility links

Украиналық Станислав Клыхты Ресей түрмесінен ауруханаға ауыстырған


Украина азаматы Станислав Клыхтың сот залындағы суреті.
Украина азаматы Станислав Клыхтың сот залындағы суреті.

Ресейде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан Украина азаматы Станислав Клых түрмеден ауруханаға түскен деп хабарлады "Медиазона" интернет басылысы адвокат Илья Новиковқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, Клыхтың нақты қай мекемеде жатқаны әзірше белгісіз. Новиков тұтқынның денсаулық жағдайы бұған дейін де алаңдаушылық туғызып келгенін айтқан.

Челябинск қаласында тұратын құқыққорғаушы Татьяны Щурдың "ОВД-Инфо" порталына мәлімдеуінше, Клых Магнитогорск мен Челябинскідегі тұтқындарға арналған жергілікті екі аурухананың бірінде болуы мүмкін. Щур тұтқын украиналықтың ауруханаға ауыстырылғаны туралы тамыздың 15-і күні естігенін айтқан.

Ресей территориясында 2014 жылы ұсталған Станислав Клыхқа 1994-1995 жылдары болған бірінші шешен соғысы кезінде Ресей федералдық күштеріне қарсы қарулы шайқастарға, сонымен бірге ресейлік әскерилерді өлтіруге қатысқан деген айыптар тағылған. 2016 жылғы мамырда Ресей соты оны 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Станислав Клых өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады, оның туыстары мен достары Клых Шешенстанда ешқашан болған емес дейді.

"Мемориал" құыққорғау орталығы Станислав Клыхты саяси тұтқын деп жариялаған.

XS
SM
MD
LG