Accessibility links

Ирак армиясы Талль-Афардың көп бөлігін өзіне қаратқан


Ирак әскері Талль-Афар қаласын жихадшылардан азат ету операциясы кезінде. 23 тамыз 2017 жыл.
Ирак әскері Талль-Афар қаласын жихадшылардан азат ету операциясы кезінде. 23 тамыз 2017 жыл.

Ирак армиясы бұған дейін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының қолында болған Талль-Афар қаласының 70 пайызын өзіне қаратқан. Сенбі күні Reuters агенттігі үкімет күштері қаланың орталық бөлігін бақылауына алғаны туралы хабарлады. Бұл туралы Бағдатта Франция сыртқы істер министрі мен француз қорғаныс министрімен бірге баспасөз мәслихатын өткізген Ирак сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Жаафари айтқан.

Үкімет әскері Талль-Афардың тарихи орталығында Ирак туын тіккені туралы Ирактың бірлескен әскери басшылығы мәлімдеген.

Сириядан Ирактың Мосул қаласына барар жол бойында орналасқан Талль-Афар қаласын экстремистерден азат ету операциясы тамыздың 20-ы басталған. Ирак әскері жақында Мосулды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынан азат еткен болатын. Талль-Афар жихадшылардың қарулы құрылымдарының бірқатар ықпалды командирлері дүниеге келген қала ретінде де белгілі.

2003 жылы АҚШ әскері Иракқа басып кіргеннен кейін Талль-Афар қаласында сүнниттер мен шииттер арасында бірнеше рет жанжалдар болған.

XS
SM
MD
LG