Accessibility links

Беларусь оппозиционері Николай Статкевич тұтқындалды


Николай Статкевич митингіде сөйлеп тұр. Минск, 4 қазан 2015 жыл.
Николай Статкевич митингіде сөйлеп тұр. Минск, 4 қазан 2015 жыл.

Беларусь оппозициясы жетекшілерінің бірі Николай Статкевич бес тәулікке қамауға алынған. Бұл туралы Азаттыққа оппозициялық саясаткердің әйелі Марина Адамович хабарлады.

Тамыз айының басында сот Статкевичті 15 тәулікке "сырттай қамау" туралы шешім шығарған. Сондықтан оны қанша уақыт қамауда ұстайтыны әзірше белгісіз дейді оппозиционердің зайыбы.

Николай Статкевичке маусымның 3-і күні Минскінің орталығында рұқсат етілмеген акцияға қатысқан деген айып таққан. Беларусьтің тәуелсіздік күні екі жүзге жуық адам елдің қарулы күштерінің Ресеймен "Батыс-2017" бірлескен әскери жаттығуын өткізуіне қарсылық білдіріп шеруге шыққан болатын. Статкевич жақтастарын қыркүйектің басында жаңа қарсылық акциясына шығуға шақырған.

Николай Статкевич 2010 жылғы Беларусь президенті сайлауына кандидат ретінде қатысқан. Сайлаудан кейін ол ел президенті Александр Лукашенконы дауыс беру нәтижесін бұрмалады деп айыптаған. Билік оны тұтқындап, оппозициялық саясаткер бес жыл түрмеде отырған. 2015 жылы түрмеден шыққан соң Статкевич саяси күресін жалғастыра беретіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG