Accessibility links

Мексика шығанағында "Харви" дауылы басылмай тұр


"Харви" дауылының салдары. Рокпорт қаласы, Техас штаты, АҚШ, 26 тамыз 2017 жыл.
"Харви" дауылының салдары. Рокпорт қаласы, Техас штаты, АҚШ, 26 тамыз 2017 жыл.

АҚШ-та соңғы онжылдықтағы ең күшті "Харви" дауылынан Мексика шығанағында орналасқан елді мекендер зардап шеккен. Тамыздың 26-сы күні билік өкілдерінің хабарлауынша, дауыл салдарынан Техас штатында көптеген аудандарды су басып, 300 мыңға жуық адам электр қуатынан ажырап қалған.

Дауылдан әсіресе Рокпорт қалашығы мен төңірегіндегі тұрғындар қатты зардап шеккен. Қала мэрінің сөзінше, "Харви" тұрғын үйлер, мектептер мен кәсіпорындарды қиратып, үлкен зиян келтірген. Қалың нөсер мен күшті желден АҚШ-тың көлемі жағынан төртінші қаласы саналатын Хьюстон да зиян шеккен.

Тамыздың 25-і күні Мексика шығанағындағы АҚШ жағалауына жеткен кезде "Харви" дауылының екпіні сағатына 120 километрге жеткен. Бұған дейін АҚШ-та мұндай күшті дауыл 2004 жылғы тамызда тіркелген еді. Ол жолы "Чарли" дауылы Флорида штатына үлкен залал тигізген болатын.

XS
SM
MD
LG