Accessibility links

Кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова екі бірдей чемпиондық атақ иеленді


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова. Мәскеу, 28 мамыр 2018 жыл. (Сурет боксшының Facebook парақшасынан алынды.)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова. Мәскеу, 28 мамыр 2018 жыл. (Сурет боксшының Facebook парақшасынан алынды.)

Астанада кәсіпқой бокстан қыздар арасында өткен жекпе-жекте қазақстандық Фируза Шарипова болгар спортшысы Милена Колеваны жеңіп, WIBA және WBU нұсқалары бойынша жеңіл салмақта чемпион атанды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Сенбі күні он раундқа жалғасқан кездесу қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандық боксшы қызды жеңімпаз деп таныды. Бұл 22 жастағы Шарипованың кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуі. Ол жеті жекпе-жекте жеңіске (оның үшеуінде - нокаутпен) жетіп, бір кездесуде ұтылған.

Кәсіпқой рингте осы жолы жиырмасыншы кездесуін өткізген 29 жастағы Колева бұған дейін тоғыз жекпе-жекте жеңіске (үш нокаут) жетіп, біреуін тең аяқтаған.

XS
SM
MD
LG