Accessibility links

Талдықорғанда "бала сатпақ" болған шетелдік әйел ұсталған


Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында "нәрестесін сатпақшы болған" деген күдікпен шетелдік әйел ұсталған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews агенттігі хабарлады.

Полицияның ақпараты бойынша, Қазақстанмен көрші елдің азаматы, 31 жастағы әйел тамыздың 24-і күні ұсталған.

"Күдікті өзінің жас қыз баласын 400 мың теңгеге [шамамен 1200 АҚШ доллары - Азаттық.] сатпақшы болған жерінен ұсталды. Шетелдік әйелдің Қазақстанға биыл көктемде маусымдық жұмыс істеу үшін келгені, мамыр айында босанып, нәрестелі болғаны анықталды", - деп хабарлаған Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полиция күдіктінің үстінен Қазақстан қылмыстық кодексінің "Кәмелетке толмағандар саудасы" бабы бойынша іс қозғаған. Күдікті қамауға алынып, нәресте балалар үйі қызметкерлерінің қарауына берілген.

XS
SM
MD
LG