Бүгін Әзербайжанның шығысында қару-жарақ қоймасында жарылыс болды. Елдің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жарылыстан кейін қоймада өрт шыққан. Денсаулық сақтау министрлігі төтенше оқиғадан адамдар зардап шеккені туралы хабарлады.
Жергілікті басылымдардың деректері бойынша, қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан кейін снарядтар тұрғын үйлерге түскен. Қоймаға жапсарлас орналасқан аудандардағы тұрғындарды көшіріп жатқаны туралы хабарланды. Бакуден Ресеймен шекараға дейінгі көлік жолы жабылған.