Accessibility links

Астанада көкпардан әлемдік жарыстың финалдық ойындары басталды


Көкпардан тұңғыш әлем чемпионатында үшінші орын үшін Қытай мен Тәжікстан командалары арасындағы кездесу. Астана, 27 тамыз 2017 жыл.
Көкпардан тұңғыш әлем чемпионатында үшінші орын үшін Қытай мен Тәжікстан командалары арасындағы кездесу. Астана, 27 тамыз 2017 жыл.

Бүгін Астанадағы "Қазанат" ипподромында көкпардан тұңғыш әлем чемпионатының финалдық ойындары басталды.

Үшінші орын үшін Қытай мен Тәжікстанның көкпаршылар командалары бәсекеге түсіп жатыр. Астанадағы көкпар чемпионатынан Азаттықтың тікелей трансляциясы:

Көшпенді халықтар арасында кең тараған ұлттық ойын түрінен ұйымдастырылған Астанадағы халықаралық жарысқа Ауғанстан, АҚШ, Венгрия, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия мен Тәжікстаннан жиыны 200-ден астам спортшы қатысты.

Көкпар жеңімпазы тамыздың 27-і күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де басталатын финалдық ойын нәтижесінде анықталмақ. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан командалары кездеседі.

XS
SM
MD
LG