Accessibility links

Тәжікстан көкпардан әлемдік жарыста үшінші орын иеленді


Көкпардан тұңғыш әлем чемпионатына қатысқан Тәжістан командасының ойыншылары.
Көкпардан тұңғыш әлем чемпионатына қатысқан Тәжістан командасының ойыншылары.

Астанада жексенбі күні "Қазанат" ипподромында көкпардан тұңғыш әлем чемпионатында Тәжістан командасы Қытай ойыншыларын 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орын иеленді.

Көкпар жеңімпазы бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де басталатын финалдық ойын нәтижесінде анықталмақ. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан командалары кездеседі.

Көшпенді халықтар арасында кең тараған ұлттық ойын түрінен ұйымдастырылған Астанадағы халықаралық жарысқа Ауғанстан, АҚШ, Венгрия, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия мен Тәжікстаннан жиыны 200-ден астам спортшы қатысты.

Астанадағы көкпардан әлем чемпионатының финалынан Азаттықтың тікелей трансляциясы:

XS
SM
MD
LG