Accessibility links

Қазақстан командасы көкпардан әлем чемпионы атанды


Көкпардан тұңғыш әлем чемпионаты. Астана, 27 тамыз 2017 жыл.
Көкпардан тұңғыш әлем чемпионаты. Астана, 27 тамыз 2017 жыл.

Қазақстан командасы көкпардан әлем чемпионатының финалында Қырғызстан командасын 4:1 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық ойын жексенбі күні Астанадағы "Қазанат" ипподромында өтті.

Бұған дейін үшінші орын үшін өткен сайыста Тәжікстан көкпаршылары Қытай командасын жеңген болатын.

Көкпардан әлем чемпионы атанған Қазақстан командасына 10 миллион теңге, Қырғызстан көкпаршыларына – 5 миллион теңге, Тәжікстан ойыншыларына – 3 миллион теңге ақшалай жүлде беріледі.

Көшпенді халықтар арасында кең тараған ұлттық ойын түрінен тамыздың 21-і мен 27-і аралығында Астанада өткен алғашқы әлем чемпионатына Ауғанстан, АҚШ, Венгрия, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия мен Тәжікстаннан барлығы 200-ден астам спортшы қатысты. Жарысқа шақырылған Әзербайжан командасы белгісіз себептермен келмей қалды.

Астанадағы көкпардан әлем чемпионатының финалынан Азаттықтың тікелей трансляциясы:

XS
SM
MD
LG