Accessibility links

Финляндияда "шабуыл жасаған" адамның аты-жөні анықталды


Турку қаласындағы шабуылға күдікті Абдрахман Мечка (аурухана төсегінде жатыр) мен оның адвокаты.
Турку қаласындағы шабуылға күдікті Абдрахман Мечка (аурухана төсегінде жатыр) мен оның адвокаты.

Финляндия полициясы Туркуда пышақпен екі әйелді өлтірген марокколықтың аты-жөнін анықтады. Полицияның хабарлауынша, күдікті 2016 жылы Финляндияға кіргенде билік өкілдеріне жеке басына қатысты жалған мәлімет айтқан. Бұған дейін басты күдіктінің есімі Адбрахман Мечка деп аталған еді.

"Күдіктінің аты-жөні анықталды, енді оның кім екенін білеміз" деді Reuters агенттігіне бас инспектор Криста Гранрот. Полиция күдіктінің шын есімін атаған жоқ.

18 тамызда Финляндияның оңтүстік-батысындағы Турку қаласында шабуылдан сегіз адам жараланып, екі кісі қайтыс болды. Бұл шабуыл Финляндиядағы алғашқы террорлық акт ретінде тексеріліп жатыр.

Қамаудағы күдікті шабуылға жауапты екенін, бірақ мұның терроризм емес екенін айтқан. Ол Финляндияға 2016 жылы келген, Туркудағы босқындар орталығында тұрған, фин билігі оған баспана беруден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG