Accessibility links

Пәкістан полициясы антиамерикалық шеруді күшпен тарқатты


Элис Уэллс, АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі.
Элис Уэллс, АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі.

Пәкістан полициясы 27 тамызда Карачи қаласындағы антиамеркалық шеруді тарату кезінде көзден жас ағызатын газ бен резеңке таяқ қолданды. Бұл уақытта Исламабадта Пәкістан сыртқы істер министрлігі АҚШ делегациясының елге келмейтінін жариялады.

Вашингтонның Пәкістан мен Ауғанстандағы арнайы өкілі Элис Уэллс 28 тамызда Исламабадқа барып, пәкістандық ресми тұлғалармен кездесуі керек еді.

Сапардың болмай қалу себебі белгісіз. Дегенмен, бұл президент Дональд Трамптың Пәкістаннан ауған талибтерін паналатуды доғаруын талап етуіне байланысты болуы мүмкін. Пәкістан талибтерді қорғағанын жоққа шығарды.

Карачиде шеруге шыққандар АҚШ консулдығына кіруге талпынған. 27 тамызда Исламабадта "Пәкістан қалқаны" шеруі өтіп, оған қатысқандар АҚШ саясатын сынады.

XS
SM
MD
LG