Accessibility links

Ауғанстанда жанкешті шабуылынан 13 адам құрбан болды


Гильменд уәлаятының орталығы Лашкаргах қаласында болған жарылыс орны. Ауғанстан, 23 тамыз 2017 жыл.
Гильменд уәлаятының орталығы Лашкаргах қаласында болған жарылыс орны. Ауғанстан, 23 тамыз 2017 жыл.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятында жанкешті көлігімен шабуыл жасап, 13 адам қаза тапты. 18 адам жараланды. Құрбандар арасында әскерилер мен бейбіт тұрғындар бар.

Гильменд уәлаяты губернаторының өкілі Омар Звактың айтуынша, теракт 27 тамызда уәлаяттың орталығындағы Наваауданында базарда болған. Соңғы апталарда бұл ауданда үкімет әскері мен "Талибан" содырлары арасында шайқас жүріп жатыр.

Ауған үкіметі күштері өткен айда Нава ауданын қайтарып алғанын мәлімдеген болатын, бірақ ұрыс қимылдары әлі жалғасып жатыр. Гильмендтің көп бөлігін бақылауда ұстайтын "Талибан" шабуыл жауапкершілігін мойнына алды. Қозғалыс бұл туралы журналистерге WhatsApp мессенджері арқылы хабар таратқан.

Бұдан бірнеше күн бұрын уәлаят орталығы Лашкаргахта жанкештінің шабуылынан жеті адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының содырларына қарсы әскери кампанияның күшейтілетінін мәлімдеген.

НАТО бастаған коалиция 2014 жылы Ауғанстандағы негізгі миссиясын аяқтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетінің көпшілігін ауған күштеріне тапсырған соң "Талибан" шабуылды күшейткен.

XS
SM
MD
LG