Accessibility links

Пәкістан: АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты стратегиясы орындалмайды


Шахид Хакан Аббаси, Пәкістан премьер-министрі.
Шахид Хакан Аббаси, Пәкістан премьер-министрі.

Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббаси АҚШ президенті Дональд Трамптың Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясы "сәтсіздікке ұшырайды" деп санайды. "Алғашқы күннен-ақ Ауғанстандағы әскери стратегия жұмыс істемеген, істемейді де" деді Шахид Хакан Аббаси Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында. Ол Ауғанстандағы жағдай "саяси жолмен реттелуі" тиіс екенін және осы ғана нәтижелі болатынын айтты.

Үш апта бұрын ғана қызметіне кіріскен Аббаси Исламабад көршілес Ауғанстандағы терроршылармен күресті қолдайтынын және қақтығыстың Пәкістанға ойысуына жол бермейтінін айтты.

21 тамызда Дональд Трамп АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты жаңа, әскери күшке сүйенетін стратегиясын таныстырған. АҚШ бастаған халықаралық коалиция Кабулдағы үкіметті құлатуға талпынған "Талибан", "Әл-Қаида" және басқа да экстремистік ұйымдармен 16 жыл бойы күресіп келеді. Вашингтон түбіндегі әскери базада сөйлеген Трамп "соғыста жеңіп шығуға" уәде беріп, стратегиясының белгілі бір уақытқа емес, Ауғанстандағы жағдайға қарайлайтынын айтты. Трамптың сөзінен соң АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис АҚШ пен басқа да еелдерді Ауғанстанға көбірек әскер жіберуге шақырды.

XS
SM
MD
LG