Accessibility links

Қазақстанның жеті облысында прокурор ауысты


Ақтөбе облысының прокуратурасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының прокуратурасы (Көрнекі сурет).

Қазақстанның жеті облысында прокурорлар ауыстырылды деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасы.

Ресми ақпаратқа қарағанда, бас прокурор Жақып Асанов Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовтің орнына Құсайын Абзалбековті, Қарағанды облысының прокуроры Ыбырай Тілеуғалиевтің орнына Марат Сексембаеваты, Қостанай облысының прокуроры Марат Қайыбжановтың орнына Тимур Сүлейменовті, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Имановтың орнына Нұрғалым Әбдіровті, Атырау облысына Ернат Сыбанқұловты тағайындаған.

Қостанай облысының бұрынғы прокуроры Марат Қайыбжанов Ақтөбе облысының прокуроры, ал Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы прокуроры Ибраһим Иманов Жамбыл облысының прокуроры болды.

Қазақстанда облыс прокурорларын бас прокурор президенттің келісімімен тағайындайды.

XS
SM
MD
LG