Accessibility links

Шымкентте белсендінің шағымы бойынша іс қозғалды


Ибрахим Әлсерке, шымкенттік белсенді. 28 тамыз 2017 жыл.
Ибрахим Әлсерке, шымкенттік белсенді. 28 тамыз 2017 жыл.

Шымкенттің әл-Фараби аудандық сотында шымкенттік азаматтық белсенді Ибрахим Әлсеркенің жергілікті тұрғын Дәурен Аймамбетовтің үстінен түсірген азаматтық шағымы бойынша сот басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Facebook парақшасына Әлсеркенің "жер митингісіне байланысты әкімдіктен ақша алғаны туралы" жазған Дәурен Аймамбетовтың үстінен Қылмыстық rодекстің 130-бабы 3-бөлігімен іс қозғады.

Сот отырысына айыпталушы Дәурен Аймамбетов, жәбірленуші Ибрахим Әлсерке және қоғамдық берсенділер қатысты.

Сот отырысына судья Еркін Оспанов төрағалық жасады.

Алдын ала тыңдауда ешкімнен жауап алынбады. Судья сотталушы мен жәбірленушінің құқықтарын түсіндіріп, қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде қаулымен таныстырды.

Сотталушы Дәурен Аймамбетов Азаттыққа Әлсеркенің "ақша алғаны" "рас" екенін және оған "дәлелі барын" айтады.

Ибрахим Әлсерке "жер дауына байланысты қала әкімшілігінен ақша сұрамағанын" айтады. "Айтты ма, дәлелдесін. Бұл - өтірік ақпарат" дейді ол Азаттыққа.

Дәурен Айманбетов мамыр айында Facebook парақшасына "Шымкент қаласы әкімдігіне кіріп, олардың жер мәселесіне қатысты итингіге шықпауы үшін ұсынған 500 мың теңгесінен бас тартқан Ибрахим Әлсерке мен Шаруа Пірмат 5 миллион теңге сұрағанын" жазған. Ол белсенділердің "Жер сатылмасын!" деген сөзді бизнеске айналдырғанын" айтқан.

Ибрахим Әлсерке былтыр "21-мамыр күні үкіметтің жер реформасына қатысты митинг болатыны туралы хабар таратқаны үшін" 15 тәулік қамауда отырып шыққан.

ВИДЕО: Шымкенттік белсенділер қамаудан шықты (03.06.2016)

Шымкенттік белсенділер қамаудан шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

XS
SM
MD
LG