Accessibility links

Омбудсмен грант тағайындауда "ашықтыққа" шақырды


Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті ректорының кабинеті алдына жиналған наразы ата-аналар. Алматы, 24 тамыз 2017 жыл.
Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті ректорының кабинеті алдына жиналған наразы ата-аналар. Алматы, 24 тамыз 2017 жыл.

Қазақстандық адам құқығы жөніндегі уәкіл Асхат Шәкіров білім және ғылым министрлігін білім гранттарын тағайындау жүйесінің жұмысын ашық және шынайы қылуға шақырды. Шәкіров білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке жазған үндеуінде абитуриенттердің "гранттарды бөлу мен тағайындауда әділетсіздік жасады" деген шағымына қатысты алаңдаушылық білдірген.

Омбудсмен министрліктің "қосымша тізім жасағанын" еске салып, осы тізімнен соң жоғары балл жинаған "Алтын белгі" иегерлерінен өздеріне таңдаған мамандықтарға емес, жалпы негізде грант бөлгені туралы шағым түсіп жатқанын айтты.

Омбудсменнің пікірінше, министрліктің "Алтын белгі" иегерлеріне оқу орындарының есебінен грант тағайындау туралы уәдесі "аталған категориядағы абитуриенттердің республикалық бюджет есебінен кепілді білім грантына ие болу құқығын құқықтық тұрғыдан толық қамтамасыз ете алмайды". Ол сонымен қатар медициналық оқу орындарына құжат тапсырған "Алтын белгі" иегерлерінің грантары күшін тоқтату фактілеріне "жеке назар аудару" керек деп біледі.

"Мұндай әлеуметтік кілтипаны бар мәселеде орталық мемлекеттік органдар арасында үйлесімді іс-қимылдың жоқтығы қоғамда тұтас білім беру жүйесіне деген кері пікір тудырады" делінген Шәкіровтің үндеуінде.

Биыл мемлекеттік білім гранттарының тізімі екі рет жарияланды. Алғашқы тізім жарияланған соң жоғары балл алғанына қарамастан грантқа ие бола алмаған, бірақ өздерінен төмен балл алған абитуриенттердің оқуға түсіп кеткеніне наразы ондаған абитуриент білім және ғылым министрлігіне барған.

ВИДЕО: Жоғары баллмен гранттан қағылғандар наразылығы (11.08.2017)

Жоғары бағамен гранттан қағылғандар наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Абитуриенттердің наразылығынан соң 14 тамызда білім және ғылым министрлігі қосымша 1500-ге жуықгрант бөлген. Өткен аптада министрлік "Алтын белгі" иегерлерінің медициналық оқу орындарына түсуіне берілген 220 гранттың күшін тоқтатқан. Министрлік ол абитуриенттердің көпшілігі Алматы мен Астанадағы медициналық университеттерге құжат тапсырғанын, бірақ ол оқу орындары мұндай көлемдегі студентті қабылдай алмайтынын мәлімдеген.

ВИДЕО: Грант дауына министр Біртановтың жауабы (24.08.2017)

Грант дауына министр Біртановтың жауабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

XS
SM
MD
LG