Accessibility links

Ресейді нәсілшілдікпен және ксенофобиямен күресуге шақырды


"Зенит" футбол командасы қатысқан ойындағы фанаттар. Ақпан, 2017 жыл (Көрнекі сурет).
"Зенит" футбол командасы қатысқан ойындағы фанаттар. Ақпан, 2017 жыл (Көрнекі сурет).

БҰҰ Ресей билігін нәсілшілдікпен және ксенофобиямен күресті барынша күшейтуге шақырды. Күрестің бір тәсілі ретінде ксенофобиялық пікірі үшін саясаткерлерге айыппұл салу ұсынылды.

БҰҰ тәуелсіз сарапшылар тобы 28 тамыз күні нәсіліне қарай кемсітушілікті жою жөніндегі комитетке арнайы баяндамасын тапсырды. Құжат авторлары 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионаты қарсаңында футбол жанкүйерлерінің тәртібіне көңіл бөлген.

"Солтүстік Кавказ және Орталық Азиядан шыққандар Ресейде неоұлтшылдар мен "казактар" тобының шабуылына жиі ұшырайды", делінген баяндамада. БҰҰ сарапшылары Ресей полициясы қылмысқа күдіктілерді нәсілдік белгілеріне қарап ұстайды деп есептейді.

Мәскеу адам құқығын қорғаушылар баяндамасын мұқият зерттеуге уәде берді. "Интерфакс" агенттігінің Женевадағы дереккөзінің мәлімдеуінше, БҰҰ қорытындылары Ресейге қандайда бір саяси міндет жүктемейді.

XS
SM
MD
LG