Accessibility links

Меркель мен Макрон Украинадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды


Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон. Париж, 13 шілде 2017 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей мен Украинаны Донбастағы қақтығысты тоқтату туралы әлсіз келісімді барынша толық орындауға күш салуға шақырды.

Меркель мен Макрон Украина шығысындағы ахуал онша жақсара қоймағанына алаңдайтынын және жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтады. Екі ел басшылары 22 тамызда Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Петр Порошенкомен телефонмен сөйлескен.

"Біз президенттер Путин мен Порошенконы өздеріне алған міндеттерін толық орындауға, қақтығысты тоқтату режимін ашық және анық қолдауға, әскерилер мен жергілікті күштерге тиісті нұсқаулық беруге шақырамыз" делінген Берлин таратқан бірлескен мәлімдемеде.

Украина шығысында қақтығысты тоқтату туралы келісім 2015 жылы ақпанда Минскіде жасалғанымен, айтарлықтай нәтижеге жеткізбеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG