Accessibility links

Пхеньян Жапон теңізіне қарай тағы да зымыран ұшырды


Солтүстік Корея ұшырған құрлықаралық баллистикалық "Хвасонг-14" зымыраны. 29 шілде 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея ұшырған құрлықаралық баллистикалық "Хвасонг-14" зымыраны. 29 шілде 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея кезекті рет зымыран ұшырып, ол Жапонияның Хоккайдо аралының үстімен ұшып өтіп Тынық мұхитына құлады" деп мәлімдеді29 тамыз күні таңертең Оңтүстік Корея қарулы күштері бас штабының өкілдері.

Америкалық және оңтүстік кореялық сарапшылар радарлардан түскен мәліметтерді сараптап жатыр және әзірге зымыранның нақты траекториясы мен қанша қашықтықта ұшқанын нақты айта алмайды.

Жапониялық телеарнаның хабарлауынша, зымыран үшке бөлініп кеткен. Жапония үкіметінің баспасөз қызметі зымыран жергілікті уақыт бойынша таңға сағат 6-да ұшырылғанын мәлімдеді. Зымыран ұшырылғаннан 14 минуттан соң теңізге түскен. Токио зымыран ұшыруды "Жапонияға кәдімгідей қауіп төндіру" деп атады. Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұған байланысты шұғыл жиын өткізбек.

Бұдан үш күн бұрын Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықта ұшатын үш зымыран ұшырған.

Бір апта бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Пхеньянды АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жыл сайын өткізетін бірлескен әскери жаттығуына жауап ретінде зымыран ұшырмай, ұстамдылық танытты деп мақтаған еді. Жапониялық әскерилер зымыран өз территориясы үстінен ұшып өтсе де оны атып түсірмеді.

XS
SM
MD
LG