Accessibility links

БЖЗҚ басшыларын қамау мерзімі тағы ұзартылды


Руслан Ерденаев, БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы.
Руслан Ерденаев, БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы.

Алматының Алмалы аудандық соты Бірыңғы жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы, қаржы жымқырды деген күдікке ілінген Руслан Ерденаевты қамау мерзімін ұзартты деп хабарлады жергілікті агенттік. Алматы қалалық сотының мәліметінше, сонымен қатар БЖЗҚ-ның қауіп-қатерді басқару департаменті қаржылық қауіп-қатерлер басқармасының бастығы Мұса Бахтовты, "АлатауМұнайАлтын" компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы, "Бузгул Аурум" компаниясын құрған Бақытжан Кенжебаев пен "Бузгул Аурумның" директоры Азат Найзағаринді қамау мерзімін 28 қыркүйекке дейін ұзартылды. БЖЗҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековті қамау мерзімі 8 қыркүйекке дейін ұзартылған.

"Мегатрансазия" компаниясы директорының бұрынғы орынбасары Талғат Тұртаевты қамау мерзімі де 23 қыркүйекке дейін ұзартылды.

БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаев "өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп кетті" деген күдікке ілінген. БЖЗҚ мен аталған компаниялар басшылары қамалғаны осы жылдың басында қамалған.

Қамаудағы алты адам да "өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп кетті" деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG