Accessibility links

Путин: Венгриядағы АЭС-ті үлкейту 2018 жылы басталады


Ресей президенті Владимир Путин Будапеште Венгрия премьер-министрі иктор ОРбанмен кездесіп тұр. 28 тамыз 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Будапеште Венгрия премьер-министрі иктор ОРбанмен кездесіп тұр. 28 тамыз 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Венгриядағы жалғыз атом электр станциясын (АЭС) кеңейту жұмыстары келесі жылы басталуы мүмкін екенін айтты. "Пакштағы жұмыстар келесі жылдың басында басталуы ықтимал" деді Путин Будапешке сапарында Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанға.

Орбан 2014 жылы Мәскеуге барған сапарында Ресеймен Будапештеноңтүстікке қарай шамамен 130 километр қашықтықтағы совет кезеңінде салынған "Пакш" АЭС-ін кеңейту туралы 10 миллиард еуроның келісіміне қол қойған.

Ұзақ уақытқа созылған процестен соң биыл наурызда еуропалық құзырлы орган жоба Еуропа Одағының тендер туралы заңнамаларын бұзбайды және үкіметтің келісім аясында жасайтын шаралары оның басқа қызмет көрсетуші алдында әділетсіз басымдыққа ие болуына жол бермейді деп ұйғарып, "Пакш" АЭС-ін кеңейтуге рұқсат берген.

Кейін Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто АЭС-ті кеңейту жұмыстары келесі жылы басталатынын растаған. Сийярто сонымен қатар Болгария, Сербия мен Венгрия 2019 жылдың соңына дейін аймаққа жеткізілетін Ресей газының көлемін 10 миллиард текше метрге дейін жеткізу үшін газ құбырының өз территорияларындағы бөліктерін модернизациялайтынын айтқан.

Венгрияның оппозициялық партиялары Орбан Ресей билігімен жақындасып отыр деген алаңдаушылық туындағанда Путиннің елге сапарлап келгеніне наразылық білдіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG