Accessibility links

Премьер-министрдің екі орынбасары тағайындалды


Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).
Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстанда премьер-министр мен бірнеше министрдің орынбасарлары тағайындалды. Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерболат Досаев пен Асқар Жұмағалиев премьер-министрдің орынбасарлары болып тағайындалған.

Сонымен қатар бүгін білім және ғылым вице-министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды. Бұған дейінгі вице-министр Эльмира Суханбердиева "Болашақ" бағдарламасымен оқуға кетуіне байланысты уақытша демалыс алған.

46 жастағы Ерболат Досаев бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы, экономикалық даму және сауда министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, экономикалық даму министрі қызметтерін атқарған.

Досаев былтыр көктемде үкіметтің "жер реформасына" елдің бірнеше аймағында қарсылық білдірген шерулер өтіп жатқан шақта ұлттық экономика министрі қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG