Accessibility links

Юнкер: ЕО Ресеймен байланысын жақсартуы керек


Жан-Клод Юнкер, Еуропа комиссиясының төрағасы. Брюссель, 29 тамыз 2017 жыл.
Жан-Клод Юнкер, Еуропа комиссиясының төрағасы. Брюссель, 29 тамыз 2017 жыл.

Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер Еуропа Одағы (ЕО) Мәскеумен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылуы тиіс деп мәлімдеді.

"Келесі ғасырларда Ресейсіз Еуропадағы қауіпсіздікке қол жеткізу мүмкін емес. Бүкіл ЕО - 5,5 шаршы километр, Ресей бір өзі 17,5 шаршы километр аумақты алып жатыр. Тағы қандай сұрағыңыз бар?" деді Юнкер Брюссельде ЕО елдері елшілерінің алдында. Юнкер сонымен қатар ЕО Ресеймен келешек үшін диалог орнатуы тиіс дейді. Бірақ ол ЕО бұл жерде диалогқа өзінің құндылықтары мен ұстанымдарынан бас тартпаған күйі, Қырым аннексиясы мен басқа да мәселелерді есте ұстай отырып баруы керегін айтады.

Жан-Клод Юнкер бұған дейін Ресей 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдаған соң нашарлап кеткен Мәскеумен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға бірнеше рет шақырған.

ЕО Мәскеуге қарсы экономикалық санкция салып, 200-ге жуық ресейліктің активтерін бұғаттап, оларға виза беруге тыйым салған. ЕО санкциясына сонымен қатар "Украинаның егемендігіне нұқсан келтірген" компаниялар да іліккен.

2014 жылдың сәуірінен бері украин үкіметі әскері мен Украинаның шығысын бақылайтын ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыстан 10 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG