Accessibility links

Германия Ресеймен қатынастың "салқындауынан" сақтанады


Зигмар Габриэль (сол жақта) мен Рекс Тиллерсон.
Зигмар Габриэль (сол жақта) мен Рекс Тиллерсон.

Германияның сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль "АҚШ пен Еуропа елдерінің Ресейге салған санкциялары Мәскеу мен Батыс елдері арасындағы жаңа мұз дәуірін орнатпауы керек" деп санайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 29 тамыз күні Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесуден кейін айтты.

Ол Еуропаның АҚШ конгресі таяуда қабылдаған Ресейге санкция салу туралы заңның теріс әсерінен қауіптенетінін айтты. Санкциялар Ресейге Украинаға қарсы агрессия жасағаны үшін және 2016 жылғы АҚШ сайлауына араласқаны үшін салынған.

"Ресей мен Батыс арасында мұз дәуірі қайта орнамауы керек". Габриэльдің бұл сөздері Германия сыртқы істер министрлігінің сайтына жарияланды.

Трамптың алдындағы президент Барак Обама тұсында АҚШ пен Еуропа Одағы Ресейге қарсы әрекеттерін үйлестіріп отырды. Ол әрекеттер 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алған және Украинадағы қарулы сепаратистерді қолдаған соң жасалған еді.

Украина мәселелері бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі Курт Волкер Германияның Deutsche Welle телеарнасында 29 тамыз күні "Вашингтонның еуропалықтар мен украиналықтардың сыртынан ешқандай әрекет не келісім жасамайтынын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG