Accessibility links

"АрселорМитталТеміртау" кенішінде үш адам қаза тапты


"АрселорМитталТеміртау" компаниясының зауыты. Теміртау қаласы, Қарағанды қаласы (Көрнекі сурет)
"АрселорМитталТеміртау" компаниясының зауыты. Теміртау қаласы, Қарағанды қаласы (Көрнекі сурет)

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМитталТеміртау" компаниясына қарасты "Қазақстан" шахтасында ауаға метан газы жайылып, салдарынан үш адам қаза тапты деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 тамыз күні таңғы сағат 4 шамасында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада жалпы саны 136 адам болған, ал шахтаның газ таралған бөлігінде төрт адам қалып қойған. Үш адамның жансыз денесін кеншілер тапқан.

Қазір оқиға орнында әскериленген апаттан құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG