Accessibility links

Бизнесмен Умар Джабраилов қолхатпен босатылды


Умар Джабраилов.
Умар Джабраилов.

Бизнесмен және Ресей Федерация кеңесінің Шешенстаннан сайланған бұрынғы мүшесі, 30 тамызға қараған түні Мәскеудің орталығында қонақүйде оқ атқан бизнесмен Умар Джабраилов ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды деп хабарлады дереккөздеріне сілтеме жасаған "Москва" агенттігі.

Джабраиловтың ұсталғаны 30 тамыз күні таңертең хабарланған. Атыс бойынша "бұзақылық" бабымен іс қозғалды.

Умар Джабраилов Федерация кеңесіне Шешенстан атынан 2004-2009 жылдары мүше болған. Ол сонымен қатар Федерация кеңесінің халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары қызметін де атқарып, Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясындағы Ресей делегациясының құрамында болған.

Джабраилов сонымен қатар құрылыс және қонақүй бизнесімен де айналысқан.

XS
SM
MD
LG