Accessibility links

Петербургте ВИЧ жұқтырған бала ата-анасы емдеуден бас тартып көз жұмған


Ресейдегі ВИЧ/СПИД індетіне қарсы плакат (Көрнекі сурет).

Санкт-Петербургте ВИЧ инфекциясын жұқтырған бала көз жұмды. "СПИД орталығының", хабарлауынша, діндар ата-анасы балаға антиретровирустық терапия жүргізуге рұқсат етпей қойған. Бұл ақпаратты Ресей денсаулық сақтау министрлігінің ВИЧ инфекциясы жөніндегі маманы, профессор Евгений Воронин растады.

"Доктор Питер" басылымының мәліметі бойынша, 2015 жылы сот ата-анаға баласын емдеуді міндеттеген. Бірақ ата-анасы сот шешімін орындамаған, олар үшін "шіркеудің айтқанымен жүрген дұрыс" көрінген. Белсенділер екі мәрте прокуратураға және балалар омбудсменіне арызданғанымен, жағдай өзгермеген. Бала 29 тамыз күні көз жұмған.

"СПИД орталығының" дерегі бойынша, Орыс православ шіркеуінің ВИЧ/СПИД-ке қарсы күресі терапияға тыйым салмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 860 мыңнан астам ресейлік ВИЧ инфекциясына шалдыққан. СПИД-пен күрес орталығының бағалауы бойынша, бұл дертке шалдыққандардың шын мәніндегі көрсеткіші шамамен 1,5 миллион адамға жетеді.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG