Accessibility links

Қырғызстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтіп жатыр


Бішкектің орталық алаңындағы Қырғызстан туы.
Бішкектің орталық алаңындағы Қырғызстан туы.

Қырғызстанда бүгін елдің тәуелсіздік алғанына 26 жыл толғанын атап өтіп жатыр. Мерекеге орай Қырғызстанда салтанатты шаралар өтпек. Бұл күн Қырғызстанда демалыс деп жарияланған. Бішкекте тәуелсіздік күнгі мереке орталық алаңдағы ресми шаралардан басталады.

Салтанатты мереке Бішкектің аудандарында да өтеді. Кешке таман дәстүрлі отшашу болады.

Қырғызстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Алғашқы президенті Асқар Ақаев билікте 15 жыл отырып, 2005 жылы 24 наурызда жаппай халық толқуынан соң биліктен кетірілді. 2005 жылы оның орнын басқан президент Құрманбек Баиев те 2010 жылы сәуірде осындай жолмен биліктен тайдырылды.

2010 жылы сәуірдегі оқиғалардан соң уақытша үкіметті басқарған Роза Отунбаева сол жылы 27 маусымда жалпыхалықтық референдумда мемлекет басшысы болып сайланды. Отунбаева бір жылдан соң билікті қазіргі іс басындағы президент Алмазбек Атамбаевқа тапсырды.

XS
SM
MD
LG