Accessibility links

"Қазақстан" шахтасында қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды


Шахтадағы метан газы мөлшерін анықтайтын құрылғы. Қарағанды облысы (Көрнекі сурет).
Шахтадағы метан газы мөлшерін анықтайтын құрылғы. Қарағанды облысы (Көрнекі сурет).

Инвестиция және даму министрлігі ауаға газ таралған "Қазақстан" шахтасындағы 130 адам жер бетіне шығарылып, үш жұмысшы апаттан құтқару жұмыстарына тартылғанын хабарлады. Бүгін бұған дейін шахтада метан газы таралуынан үш кенші қаза тапқаны хабарланған.

Ресми мәлімет бойынша, шахтада апат болған кезде 136 адам жүрген. Қайғылы оқиғадан 34 жастағы Рустам Ахметжанов, 37 жастағы Валерий Руденко мен 31 жастағы Максим Шебанов қаза тапқан. Үш кеншінің жансыз денесін 31 тамыз күні таңғы сағат 5:35-те жұмысшылар тапқан.

Министрлік баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 31 тамыз күні таңғы сағат 4:21-де "АрселорМитталТеміртау" компаниясының Шахтинск қаласындағы "Қазақстан" шахтасының желдету түйілімінде "ауаға кенеттен көмір мен газ таралған".

XS
SM
MD
LG