Accessibility links

Ресей елшісі: АҚШ-пен әскери байланысты қалпына келтіру керек


Анатолий Антонов, Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі.
Анатолий Антонов, Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі.

Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі Анатолий Антонов Мәскеу мен Вашингтон арасындағы әскери, барлау қызметі және сыртқы саясат қызметі басшыларының тікелей байланысын қайта жандандыруға шақырды.

Мәскеу мен Ресей арасындағы әскери байланыс 2014 жылы Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған соң тоқтап қалған болатын, бірақ АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Ресей сыртқы істер министрі кездесіп тұрады.

Антонов "Коммерсант" басылымына берген сұхбатында "ортақ байланысты қайта жаңғыртатын уақыт туғанын" айтып, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі мен АҚШ Орталық барлау басқармасы басшыларының кездесуін қайта ұйымдастыруға шақырды. Оның пікірінше, мұндай кездесу терроризммен және кибершабуылмен күресте көмегін тигзеді.

Антонов сонымен қатар Ресей Қауіпсіздік кеңесі мен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі арасындағы "қызметтік ынтымақтастық орнатуды да ұсынды.

"Біз екі жақты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге мүдделіміз" деді Ресей елшісі.

"Біздердің елдеріміз бір-біріне жақындаған сайын халықаралық қауіпсіздік те нығая түседі. Бұның америкалықтар мен ресейліктердің мүддесіне бірдей сай келетініне сенімдімін" деді Антонов.

АҚШ Конгресі Мәскеудің 2016 жылғы АҚШ президентін сайлау барысына сол кездегі республикашылдар кандидаты, Ресеймен қарым-қатынасты жақсартауға уәде берген Дональд Трамптың сайлануына ықпал ету мақсатында ықтимал килігу әрекетін тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG