Accessibility links

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында болған төтенше жағдайдан соң үш кенші Қарағанды қаласындағы облыстық ауруханаға түсті деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттігі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса үш кеншіге орташа дәрежеде уланған деген диагноз қойылғанын айтты. Тағы бір шахтер жеңіл дәрежеде уланған, бірақ ауруханаға жатудан бас тартқан.

Бүгін таңертең "АрселорМитталТеміртау" компаниясына қарасты "Қазақстан" шахтасының желдету түйісімінде кенеттен ауаға метан газы таралған. Төтенше жағдайдан соң кеншілер үш адамның жансыз денесін тапқан. Кейін билік шахтадан 130 адамның төтенше жағдайдан соң жет бетіне шығарылғанын хабарлады. Апат болған кезде шахтада 136 адам жүрген.

"Қазақстан" шахтасының директоры Александр Забелиннің сөзінше, кеншілер газдан уланып көз жұмған. Забелин Шахтинск қаласында өткен шұғыл брифингте қазір шахтадағы жұмыс тоқтатылып, метан газын желдету арқылы сыртқа шығару жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. Облыстық ішкі істер департаменті шахтадағы оқиға бойынша "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережесін бұзу" бабымен тергеу басталғанын хабарлады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG