Accessibility links

Пәкістан парламенті Трамп мәлімдемесін айыптады


Пәкістан парламентін күзетіп тұрған әскерилер. Исламаба, 1 тамыз 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Пәкістан парламентін күзетіп тұрған әскерилер. Исламаба, 1 тамыз 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Пәкістан парламентінің депутаттары АҚШ президенті Дональд Трамптың "Исламабад содырларға қорған болып отыр" деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Сәрсенбі, 30 тамызда, Пәкістан парламентінің төменгі палатасы Трамптың 22 тамызда жасаған мәлімдемесін жоққа шығаратын қарарды бірауыздан қабылдады. АҚШ президенті ол кезде Вашингтон Пәкістанның "Талибан" қозғалысы секілді экстремистік топтарға баспана бергеніне енді төзе алмайтынын мәлімдеген.

Трамптың бұл сөздері Пәкістан билігінің шамына тиген. Елдің бірнеше қаласында наразылық болып, оларды басуға талпынған полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Пәкістан Ұлттық ассамблеясы өз қарарында "өршіктіретін" мәлімдемелерді сынап, үкіметтен Пәкістан мен АҚШ арасында делегация алмасуды тежей тұруын сұрады.

Пәкістан сыртқы істер министрлігі бұған дейін парламенттің рұқсатынсыз-ақ Вашингтонның Пәкістан мен Ауғанстандағы арнайы өкілі Элис Уэллстің 28 тамыздағы сапарына тыйым салған.

XS
SM
MD
LG