Accessibility links

Мәскеудегі құрбан айт мейрамына 200 мыңдай адам қатысты


Айт намазына жиналған жұрт. Мәскеу, 1 қыркүйек 2017 жыл.
Айт намазына жиналған жұрт. Мәскеу, 1 қыркүйек 2017 жыл.

Ресей астанасы Мәскеу қаласында құрбан айт мейрамын тойлауға 200 мыңдай адам жиналды деп хабарлады полиция.

Қаладағы ірі мешітке айт намазын оқуға жұрт келетін кезде ол тұстағы бірнеше көше жабылды.

Биылғы құрбан айт мейрамы мектептерде сабақ басталатын күнмен сәйкес келгендіктен Мәскеудегі мешіт маңындағы №2107 мектепте оқу 4 қыркүйекке ауыстырылды.

Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымда да құрбан айт мейрамын тойлап жатыр. Бұл күн ол аймақта демалыс деп жарияланды.

XS
SM
MD
LG