Accessibility links

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Вашингтонның әрекетіне пікір білдірді


Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов қорғаныс министрінің орынбасары кезінде. Мәскеу, 7 қазан 2016 жыл.
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов қорғаныс министрінің орынбасары кезінде. Мәскеу, 7 қазан 2016 жыл.

Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі Анатолий Антонов "Ресей билігі АҚШ-тың ондағы арасында Сан-Францискодағы консулдық та бар ресейлік дипломатиялық объектілерді жабуына байбаламсыз жауап беретінін" айтты деп хабарлады РИА "Новости" агенттігі.

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен телефон арқылы сөйлесіп, Вашингтонның бұл ісіне өкінетінін айтқан.

АҚШ Ресейден Сан-Францискодағы консулдығын, Вашингтон мен Нью-Йорктағы өкілдіктерін жабуды талап еткен. АҚШ мемлекеттік департаменті кеше мұны "Кремльдің Ресейдегі АҚШ дипломатиялық өкілдіктерін қысқарту туралы әрекетіне жауап ретінде жасалған шара" деп хабарлаған.

Кремль өткен айда АҚШ-тан Ресейдегі дипломатиялық және техникалық қызметкерлері санын екі есе қысқартуды қысқартуды талап еткен. Мәскеу бұл талапты АҚШ конгресі Ресейге қарсы санкцияларды мақұлдағаннан кейін қойған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Ресей өкілдіктерін жабу туралы шешімді "Трамп жеке қабылдағанын" және шешімнің "Ресей әрекеттеріне жауап ретінде шыққанын" мәлімдеді. Ол "талап бойынша Ресей өкілдіктері 2 қыркүйек күні жабылады" деген.

XS
SM
MD
LG