Германияда бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды.
Ол жартылай финалдық жекпе-жекте өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовтан жеңіліп қалды.
Бұған дейін Германиядағы әлемдік жарыста Қазақстан құрамасынан Жомарт Ержан (49 келі) және Василий Левит (91 келі) қола жүлдегер атанған.
Қайрат Ерәлиев (56 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) әлем чемпионатының финалына шыққан.