АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің соққыларынан 2014 жылғы тамыз айынан бері Сирия мен Иракта 685 бейбіт тұрғын мерт болған. Жұма күні жариялаған мәлімдемеге сәйкес, биылғы шілде айында халықаралық коалицияның әскери операциялары барысында 60-тан астам тұрғынның қаза тапқан.
Хабарламада америкалық әскерилер одақтастардың әуе шабуылдары мен артиллериялық қарудан жасаған соққыларынан кездейсоқ адамдардың құрбан болғаны туралы 455 хабарламаны тексеріп жатқаны айтылған.
Халықаралық коалиция күштері 2014 жылдың жазында Сирия мен Ирактың ауқымды бөлігін басып алған "Ислам мемлекеті" террорлық тобына қарсы әскери операция жүргізіп жатыр.
БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйымдар аталған елдердегі әсери іс-қимылдар барысында бейбіт тұрғындардың қазаға ұшырауына қарулы жанжалға қатысушы барлық тараптар жауапты деп санайды.